«Денесі суып кеткен»: Роза Рымбаева марқұм күйеуінің неден қайтыс болғанын айтты

0
246

Әнші ол уақытта екінші баласына жүкті болған.


«Денесі суып кеткен»: Роза Рымбаева марқұм күйеуінің неден қайтыс болғанын айтты

Фото: Instagram/rozarymbaeva

ERNUR.KZ. Әнші Роза Рымбаева белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында күйеуі Тасқын Оқаповтың қалай қайтыс болғаны туралы айтып берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әнші өз сөзінде ол уақытта екінші баласына аяғы ауыр болғанын айтты.

«Ұйықтап жатқанында инсульт алып, қайтыс болды. Оянғанымда жанымда денесі суып кеткен күйде жатыр екен. Ол кезде екінші ұлыма аяғым ауыр еді, алтыншы айдамын. Өте ауыр болды. Тасқын оған дейін де бірнеше рет микроинсульт алған еді. Алайда ол оған мән бермеді. Дәрігерге қаралмады. Денсаулығы сол жағдайға жетті», - деді әнші Роза Рымбаева.