​Денис Теннің көлігінен ұрланған айналарды кімнің сатып алғаны анықталды

0
1 169

Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.


​Денис Теннің көлігінен ұрланған айналарды кімнің сатып алғаны анықталды

ERNUR.KZ.Денис Теннің көлігінен ұрланған айналарды кімнің сатып алғаны анықталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Журналистер министрдің орынбасарынан полицейлердің Денис Тенді өлтірді деген күдіктілерді қалай іздеп тапқанын және күдіктілердің көлік айналарын қайда барып сатпақ болғанын айтып беруді сұрады.

"Жұмысымыздың әдістерін толық ашып айтқым келмейді. Бұл әдістер тиімді, аздаған уақыттың ішінде қылмыс жасады деген адамдарды анықтап, оларды ұстауға жағдай туғызды", - деп мәлімдеді Жақыпов.

Оның айтуынша, полицейлер мұндай тиімді әдісті кез келген қылмыстың бетін ашуда қолданады.

"Полицейлеріміздің ауыр және аса ауыр қылмыстарды аз ғана уақытта ашып берген жағдайларын көптеп келтіре аламын. Бұл әдістердің жиынтығын жедел тергеу шаралары деп қана атаймыз. Денис Теннің көлігінен алынған айналарға келсек, біз сол айналарды сатып алмақ болғандардан жауап алдық. Оларға қатысты да сәйкес шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Рашид Жақыпов.