Денсаулық сақтау министрі Астана халқымен кездесті

0
894

Кездесуде министр қазір жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.


Денсаулық сақтау министрі Астана халқымен кездесті

ERNUR.KZ. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астана қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп жазады baq.kz.

Бүгінде Астанада 177 медициналық мекеме бар, әкімдікке қарасты 33 мекеме, 10 республикалық, 850-ге жуық дәріхана халыққа қызмет көрсетуде.

Кездесуде министр қазір жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Бүгінгідей кездесудің мақсаты - пациенттер үшін жағдай жасау. Көтерілген мәселелердің барынша шешімін табу. Осыған дейін барлық мекемені аралап шықтым. Соның ішінде сапалы қызмет көрсетіп отырған медициналық мекемелердің де бар екендігін атап өту керек, - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ бүгінгі таңда тұрғындар кездесетін тағы бір мәселе - дәрігерлердің жетіспеушілігі. Министр қазіргі таңда біршама дәрігер терапевт жолдамасынсыз тікелей тиісті дәрігерге баруға мүмкіндігі бар екенін айтты.

Медициналық шағымдардың 77%-ы диагностика мен емдеу істері туралы болады.

Тексерудің нәтижесінде негізгі шағымдар клиникалық хаттамаларды бұзу, медициналық қызметтердің қолжетімсіздігі туралы болады. Департамент 139 рецепт беріліп, 23 млн теңгеге айыппұл салынды. 114 материал құқық қорғау органдарына табысталған, - деді ол.

Кездесу барысында елордалықтар медициналық қызмет көрсету сапасы, емханалардың жағдайы туралы бірнеше сұраққа жауап ала алды.