Денсаулық сақтау министрлігі карантиннің қашан аяқталатынын айтты

0
674

Шектеу шаралары алдағы уақытта да жеңілдетілуі мүмкін, дейді ресми өкіл.


Денсаулық сақтау министрлігі карантиннің қашан аяқталатынын айтты

ERNUR.KZ. Қазақстанда карантин режимі қашан аяқталады? Денсаулық сақтау министрінің ресми өкілі бұл сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Айтуынша, шектеу шаралары алдағы уақытта да жеңілдетілуі бек ықтимал. Бірақ, алда-жалда кезекті толқын бола қалса, карантинға қайта оралуымыз мүмкін екен.


Оданда әрі қарай босталуы мүмкін. Ол тек қана халықтың, қоғамның санитарлық нормаларды орындағанының нәтижесіне байланысты. Егерде біз той жасап, ережелерді бұзып кетсек қайтадан маусым айында болған дағдарыс қайтадан қайталануы мүмкін, - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.


Қазіргі уақытта министрлік індеттің күздегі толқынына қызу дайындалып жатыр. Әсіресе, медицина саласының мамандары. Бүгінде 30 мың ақ халатты жұмыс істеуге сақдай сай дейді, Бағдат Қожахметов. Бұдан бөлек, жағдайды ушықтырып алмау мақсатында 15 қыркүйекте Қазақстанда тұмауға қарсы жоспарлы вакцинация басталады.