Депутаттар коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

0
2 324

Мен нақты шешім қабылдадым: екпе жасатамын. Өйткені, ол менің де, туыстарым мен достарымның да денсаулығы осыған байланысты, дейі депутаты Ғалымжан Елеуов.​​


Депутаттар коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Мәжіліс депутаттары арасында Зарина Камалова, Лариса Павловец және Ғалымжан Елеуов алғашқы болып коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттар VII шақырылымның Мәжілісіне сайланғанға дейін коронавируспен күрес шеңберінде өз өңірінің медициналық мекемелерінде жұмыс істегені атап өтілді.
Олар жаппай вакцинациялау ұжымдық иммунитетті тезірек қалыптастыруға және қазақстандықтардың өмірін үйреншікті арнаға қайтаруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Депутаттар вакцина салдырғаннан кейін жағдайы жақсы екенін айтты.


- Дәрігер ретінде мен қазір жаппай вакцинациялау ғана коронавирустың таралуына қарсы тұра алатындығын жақсы түсінемін. Әрине, бұл әр адамның еркі. Мен нақты шешім қабылдадым: екпе жасатамын. Өйткені, ол менің де, туыстарым мен достарымның да денсаулығы осыған байланысты, - деді Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов.