Диетолог қартаюды баяулататын дәруменді атады

0
2 485

Бұл витамин аз болса, ағзада интерлейкин төмендеп, иммундық жүйе әлсірейді. Салдарынан қартаю процесі тез жүре бастайды.


Диетолог қартаюды баяулататын дәруменді атады

ERNUR.KZ. К дәруменінің тапшылығы қартаю процесін жылдамдатады, деп жазады sputnik.kz.

Бұл витамин аз болса, ағзада интерлейкин төмендеп, иммундық жүйе әлсірейді. Салдарынан қартаю процесі тез жүре бастайды.

Диетологтың айтуынша, К витамині майда ериді. Ол ақуыз синтезі мен қан ұю жұмысына қатысады.

"Егер бір жерде қантамырлар зақымдалса, витамин қоюлатып, қан ағуын тоқтатады", - деп мысал келтірді маман.

Бұған қоса, бүйрек дұрыс жұмыс істеуі үшін де керек. Кальций мен Д витаминінің байланысы үшін де маңызды. Демек, сүйек жүйесі мен байланыстыратын тіндерге қажет. Балалар қаңқасының дамуына, ал егде жастағы адамдарда остеопороздан қорғауға септеседі.

К витамині орамжапырақ. салат сынды негізінен жасыл түсті өнімдерде бар. Сондай-ақ бауырда да болады.