7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстады.
ERNUR.KZ. «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды, деп жазады ҚазАқпарат.
«4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстады.
Кейін ҚР Бас прокуратурасы арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров «Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын айтты.