Әкімдік күмәнді сілтемелерге кірмеген және ақша аудармаған жөн екенін ескертті.
ERNUR.KZ. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынанан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тарап жатыр, деп жазады zakon.kz.
"WhatsApp мессенджердегі жалған хабарламаның тарауына байланысты Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан келген мұндай хабарламаға жауап бермеуіңізді және сенбеуіңізді сұраймыз", - деп мәлімдеді Алматы әкімдігі.
Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлімдеді.
"Бұл сіздің қаржыңызды заңсыз жолмен алу мақсатында жасап отырған интернет-алаяқтардың тірлігі", - делінген хабарламада.