"Досым кешірім сұрады": Бағлан Әбдірайымов отбасын әйел басқаратынын айтты

0
192

Өнер иесі отбасындағы ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіңді сөз етті.


Фото: https://vk.com/public122019414

ERNUR.KZ. “Жігіттер” тобының әншісі, актер Бағлан Әбдірайымов отбасындағы әйелдің рөліне қатысты пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

Өнер иесі отбасындағы ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіңді сөз етті.

“Мынадай мәселе бар. Қазір барлығын әйелдер шешеді. Кинотеатрға барып, қандай кино көру керек екенін әйел шешеді екен ғой. Мысалы, менің досым бала-шағасын алып, біз түсірген киноға барған ғой. Тура киноға кірейін деп тұрған кезде әйелі "Біз өзі анда-санда демалысқа шығамыз, қарыз бен құмар ойын туралы фильм көргенше күліп демалып қайтайық" деп айтыпты. Досым сол келіншегінің сөзіне еріп, басқа киноны көріп шыққан ғой. Кейін менен кешірім сұрап, киноны көре алмағанын айтты. Шындығында қазір бәрін әйелдер шешеді. Саудада кілең қыз-келіншектер, медиа саласындағы үлкен жобаларды да әйелдер басқарып отыр. Жаңа жылдық түсірілім болсын, мемлекеттік концерттерді де әйелдер ұйымдастырып жүр. Өкінішке орай сондай жобаларды тізгіндеп жүрген жігіттер санаулы ғана", – деді эстрада жұлдызы.

Еске салайық, "Еркекті құртатын – үйіндегі әйелі" деген Бағлан Әбдірайымов ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты айтып, басы дауға қалған еді.

“Еркекті банкрот құртпайды, арақ құртпайды. Еркекті құмар ойын, төбелес құртпайды. Еркекті сындыратын бір-ақ нәрсе бар. Еркекті құртатын ол үйіндегі әйелі. Шынымен айтамын. Кез келген еркек менімен қосылады деп ойлаймын. Үйіңдегі келіншегіңмен ұрысып, таласқаннан көрі көшеге шығып, жатып алып біреумен төбелескенің жақсы”, – деген болатын өнер иесі.