ДСМ коронавирустан қайтыс болғандардың санын жариялады

0
325

12 мыңға жуық пациент стационарда ем қабылдап жатыр, оның ішінде 700-дей адам ауыр жағдайда.


ДСМ коронавирустан қайтыс болғандардың санын жариялады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 25 мамыр күнгі COVID-19 инфекциясына байланысты тіркелген қайғылы жағдай санын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде өткен тәулікте коронавирустан 23 адам көз жүмды.

Қазір республика бойынша 30 872 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 11 724 пациент стационарда, 19 148 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.



КВИ+ және КВИ пациенттерінің арасында:

  • 682 науқас ауыр жағдайда,
  • 166 науқас өте ауыр жағдайда жатыр,
  • 100 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.