«Е-заң көмегі» мобильді қосымшасында жасанды интеллекті бар чат-ботты енгізу жоспарлануда

0
168

ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің айтуынша, бұл чат-бот азаматтарға 24/7 тәртібінде құқықтық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.


«Е-заң көмегі» мобильді қосымшасында жасанды интеллекті бар чат-ботты енгізу жоспарлануда

ERNUR.KZ. Азаматтарға «Е-заң көмегі» жүйесі арқылы іске асырылатын заң көмегін көрсету бойынша процестерді автоматтандыруға мән беріледі. Ол адвокаттық қызметті және заң кеңесшілерінің қызметін автоматтандыруға арналған. «Е-заң көмегі» мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимде консультацияны қамтамасыз ету іске асырылды. Жақсартылған интерфейсі бар IOS және Android жүйелеріне арналған жаңа мобильді қосымша платформасы әзірленді. Құқықтық сауаттылықты және құқықтық кеңес алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында министрлік ағымдағы жылы «Е-заң көмегі» мобильдік қосымшасында жасанды интеллекті бар чат-ботты енгізуді жоспарлап отыр.

ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің айтуынша, бұл чат-бот азаматтарға 24/7 тәртібінде құқықтық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді. Неғұрлым егжей-тегжейлі түсіндіру қажет болған жағдайда құқықтық ақпараттық қызмет операторымен консультация алу немесе мемлекет кепілдік берген көмек шеңберінде білікті заң көмегін алу үшін 2 күннен кейін бейне қоңырау қолжетімді болады.

Маусым айында Әділет министрлігі «eGov Mobile business» мобильді қосымшасында «Заңды тұлғаның цифрлық сенімхаты» сервисін іске қосты. Бұл ұйым басшыларына өз қызметкерлеріне сенімхат беру процесін едәуір жеңілдетеді және жеделдетеді. Бұрын сенімхаттарды тек қағаз түрінде рәсімдеуге тура келді, бұл көлік шығындары мен кеңсе тауарларына белгілі бір уақыт пен қаржылық шығындарды талап етті, сондай-ақ мұндай сенімхаттардың заңдылығын тексеру мүмкіндігі болмады. Енді заңды тұлғалардың басшылары ЭЦҚ қою арқылы өз қызметкерлеріне онлайн форматта сенімхаттарды оңай және қауіпсіз бере алады, бұл ұйым ішіндегі өзара іс-қимылды одан әрі тиімді, ашық және ыңғайлы қылады.

Қыркүйек айында Әділет министрлігі Halyk Bank және Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп, банктің мобильді қосымшасында ерлі-зайыптылардың келісімін онлайн-ресімдеу бойынша сервисті іске қосты. Бұл қызмет жылжымайтын мүлікті сатып алу/сату, ипотеканы ресімдеу туралы мәміле жасасу кезінде қажет. Сондай-ақ «Цифрлық келісімді» eGov қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады. Бүгінге дейін 430 келісім жасалды.

Өткен жылдың наурыз айынан бастап «УправДом» қосымшасы арқылы мүлік иелері бірлестіктерінің қызметін цифрландыру жобасы іске қосылды. МИБ құру шеңберінде электрондық дауыс беру қамтамасыз етілді. Процесс барысында барлық жағдай тиісінше тіркеліп, хаттама автоматты түрде электронды түрде жасалады. Сондай-ақ дауыс беру хаттамаларында қол қоюды бұрмалауға байланысты алаяқтық әрекеттерді болдырмайтын МИБ басшысын ауыстыру сервисі іске қосылды. Бүгінгі таңда қосымша арқылы 130 МИБ тіркелді, 80 басшы ауыстырылды, жоба 550 үйді қамтыды.

«Е-ЗАҢНАМА» ақпараттық жүйесі арқылы заң шығару процесінің модулін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл жоба норма әзірлеудің барлық процесін бірыңғай жүйеде шоғырландыру үшін құрылған. Қазіргі уақытта заң шығару саласында жасанды интеллект әзірленуде. ЖИ мақсаты құқықтық қайшылықтар анықталған кезде НҚА әзірлеушілеріне, сондай-ақ актілер өзгерген кезде ұқсас нормаларға түзетулер енгізу қажеттілігі туралы ұсынымдар қалыптастыру болып табылады», – деп атап өтті Әділет министрлігінің өкілі.

Сот сараптамасын цифрландыру шеңберінде «Е-САРАПТАМА» жобасы іске асырылуда. Бұл уақыт пен қаржылық шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді, тергеу және санкциялар алу мерзімдерін қысқартуға, сараптамалар тағайындауға және сарапшылардың қорытындыларын алуға, көшпелі тергеу әрекеттері шеңберінде қағаз қаулылар бойынша электрондық қорытындылар алуға ықпал етеді. Осылайша, барлық өмірлік жағдайда қылмыстық сот ісін жүргізуде электрондық өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі қамтамасыз етілді.