Қайғылы оқиға 23 тамызда сағат 08:45 шамасында болған.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында өлімге әкеліп соқтырған жол апаты болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 23 тамызда сағат 08:45 шамасында Самара – Шымкент автожолында болған.
«Алға ауданының Сарытоғай ауылына жақын жерде Volvo жүк көлігі мен ВАЗ 2110 автокөлігі соқтығысты. Соның салдарынан 44 жастағы жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.