Ер адамды жүк авиоцистернасының кабинасы басып қалған.
ERNUR.KZ. Екібастұздағы "Шығыс" көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы оқиға көмір кенішіндегі жанар-жағармай қоймасының бақылау-өткізу бекетінде болған. "Шығыс" кеніші – "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ филиалы. Сол жерде өзге ұйымның көлік жүргізушісі жүк автоцистернасының кабинасын көтеріп, ішіне үңіліп қараған.
"Сол кезде кабина төмен түсіп кетті. Ал ер адам қысылып қалған. Ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", - дейді компания мамандары.
Павлодар облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов Sputnik Қазақстан тілшісіне жұмысшының қайтыс болғанын растады. Марқұмның отбасы мүшелері арыз жазып, еңбек инспекциясынан көмек сұраған.
Оның айтуынша, ер адам екібастұздық жеке кәсіпкерде жұмысшы болып істеген. Қайғылы оқиға дүйсенбі күні түнде болған. Бірақ ресми ақпарат басқармаға әлі түскен жоқ.