Оқиға 3 қаңтарда кешкі уақытта болған.
ERNUR.KZ. Екібастұзда оқушының қолында петарда жарылды, деп жазады тengrinews.kz.
Басқарма өкілдерінің мәліметінше, оқиға 3 қаңтарда кешкі уақытта болған.
"3 қаңтарда 20:11-де 16 жастағы жасөспірімнің қолында петарда жарылғаны туралы хабар түсті. Оның екі қолы да зақымдалған және ауруханаға жеткізілген", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.
Дәрігерлердің мәліметінше, жаңажылдық отшашуларға байланысты тағы бір оқиға 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Павлодарда болған. Петарданың дұрыс жарылмауынан Павлодар қаласының 42 жастағы тұрғыны зардап шекті. Ол көзіне зақым келіп, Сұлтанов атындағы ауруханаға жеткізілді.
Осыған дейін Ақтөбелік ер адамның қолында петарда жарылғаны туралы хабарланған еді.