Осы оқиғадан кейін пицца жеткізуші бозбала жұмысынан босатылды.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде лифтіге мінген соң курьер жігіттің қолындағы пиццаның бетін ашып, оған түкірген сәтінің видеосы жарияланды, деп жазады zakon.kz.
Оқиға Екібастұз қаласында 16 сәуірде орын алған.
Полиция қызметкерлері пицца жеткізетін курьерді анықтады. Ол 19 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты. Құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 6-бабының 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, Екібастұз қаласының мамандандырылған сотына жіберілді. Курьерге қатысты тапсырыс берушіден арыз түскен жоқ.
Осы оқиғадан кейін пицца жеткізуші бозбала жұмысынан босатылды.