Біреуі ауруханаға түсті.
ERNUR.KZ. Бірінші жағдайда иттің иесі зардап шеккен адамға көмек қолын созбастан оқиға орнынан кетіп қалған, деп жазады pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қыркүйек күні сағат 12.00 шамасында Б.Момышұлы көшесінде 54 жастағы қала тұрғынына ротвейлер секіріп, жерге құлатқан. Салдарынан әйел адам басын жаралап алған. Иесі болған жайттан кейін итті алып, әйелге көмек көрсетпей кетіп қалған. Зардап шеккен адам аталмыш факті туралы полицияға хабарлаған.
"Жәбірленуші бас миының шайқалуымен ауруханаға жатқызылды. Учаскелік полиция инспекторлары 47 жастағы иттің иесін анықтады. Сол күні осы иттен тағы бір адам зардап шеккені белгілі болды. Сағат 10.30-да 35 жастағы қала тұрғыны «Шахтер» стадионының жанынан өтіп бара жатқан сәтте ызаланған, қарғыбауы мен тұмылдырығы жоқ ит кенеттен әйелге қарай жүгіріп, қауып алған", - деді Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.Тәртіп сақшылары үй жануарларын серуендеткен иттің иесін ҚР ӘҚБК 407-2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Енді оған он АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді. Бұдан басқа, сотқа жүгіну үшін жәбірленушілерге денсаулығына зиян келтіргені жөнінде сараптама тағайындалды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында мидың шайқалуына байланысты бірінші зардап шеккен әйелдің жағдайы орташа ауыр екенін хабарлады. Травматологияда ем алуды жалғастыруда.
2022 жылы полиция қызметкерлері серуендеу ережелерін бұзғаны үшін 168 мысық пен ит иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты.