Ол шамамен 5 метр биіктен құлаған.
ERNUR.KZ. "Южная" станциясындағы жол монтері ("Богатырь" бөлімі) жүмыс істеп жүріп биіктен құлап кетті, деп жазады sputnik.kz.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растап нақтылады. Ведомствоның мәліметінше, 1974 жылы туған ер адам 18 шілдеде жұмыс орнынан қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген.
Пациенттің айтуынша, ол шамамен 5 метр биіктен құлаған. Науқастың шұғыл түрде бас миын, кеуде қуысын, жамбасын кешенді томографиядан өткізген
Ол кезекші реаниматологтар мен кезекші травматологтың бірлескен тексеруінен кейін реанимация бөлімшесіне жатқызылды.
"Жағдайы туралы ақпарат тек жақын туыстарына беріледі", - деді медициналық мекемедегілер.
Өңірдің еңбек басқармасы жазатайым оқиғаға байланысты тергеу тағайындады.