Екпе алмаған баланы балабақшаға қабылдау қағидалары жарияланды

0
1 975

Тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе өзге де себептер себебінен жоспарлы профилактикалық екпе алмаған балалар балабақшаға қабылдана алады.


Екпе алмаған баланы балабақшаға қабылдау қағидалары жарияланды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жоспарлы профилактикалық екпелерді және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларын бекітті, деп жазады Tengrinews.kz.

Министр бұйрығының қосымшасында тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе өзге де себептер себебінен жоспарлы профилактикалық екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарының жанындағы шағын орталықтарға, басқа да ұйымдарға баруға жіберу топтарда, сыныптарда (түзету үлгісіндегі топтарды қоспағанда) ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне қол жеткізуді ескере отырып жүзеге асырылатыны аталған.

"Мектепке дейінгі ұйымдарда топтар қалыптастыру кезінде ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етілетін жоспарлы профилактикалық екпелерді алмаған (профилактикалық екпелерді жүргізуге тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы себептері бойынша және басқалары) балалардың санына жол беріледі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың топтарында ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін балаларды жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтудың шекті деңгейі кемінде 90 пайыз деңгейінде сақталады.
Жоспарлы профилактикалық екпелер алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу олардың топтардағы үлесі 10 пайыздан аспаған кезде ғана жүзеге асырылады", - делінген құжатта.


Құжаттың толық мәтіні ДСМ сайтында жарияла