Елбасы Сербия президентімен кездесті

0
1 080

Екі елдің президенті кездесу барысында қазақстандық-сербиялық қарым-қатынастардың келешегі мен қазіргі жайын талқылады


Елбасы Сербия президентімен кездесті

ERNUR.KZ. Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сербия президенті Александр Вучичпен кездесті, деп жазады Baq.kz.

Екі елдің президенті кездесу барысында қазақстандық-сербиялық қарым-қатынастардың келешегі мен қазіргі жайын талқылады.

«Сізбен кездескенімізе өте қуаныштымын. Сіздің Қазақстанға және маған қандай құрметпен қарайтыныңызды білемін. Мен оны сіздің еліңізге мемлекеттік сапармен барғанда байқадым. Қысқа уақыт аралығында сізбен төртінші рет кездесіп отырмыз. Сондай-ақ сіз бізді «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізгенде қолдадыңыз. Осында болып, көрмені тамашаладыңыз. Қазіргі таңда Қазақстанға ресми сапармен келіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысқалы отырсыз. Бұл сіздің елімізге деген құрметін көрсетеді. Біз оны қатты қадірлейміз», - деді Елбасы Сербия президенті.

Сондай-ақ Назарбаев Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық байланысты күшейту қажет екенін атап өтті.

«Өкінішке қарай, екі мемлекет арасындағы тауар айналымының көлемі жоғары емес. Бірақ мемлекеттеріміздің логистика, транспорт, қорғаныс өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, құрылыс салаларында болашағы зор. Сіздің елімізге сапарыңыз мемлекеттеріміз арасындағы байланысты одан әрі дамыта түседі деген ойдамын. Сондай-ақ бүгін қос ел арасында бизнес форум өтеді. Онда тиісті құжаттарға қол қойылады», - деді Мемлекет басшысы.