Елдегі автосалондар ресейліктерге көлік сатпай жатыр

0
1 928

Қазақстандағы автомобильдер нарығы қазір ресейліктер үшін өте тиімді.


Елдегі автосалондар ресейліктерге көлік сатпай жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстандағы автосалондар Ресей төлқұжаты бар сатып алушыларға көлік сатпауды жөн көреді, бұған бірнеше себептер бар, деп жазады baq.kz.

Ол тенденцияны Autonews.ru сайты анықтады. Олар түрлі Қазақстан салондарына барып, автокөлік сатып алуға тырысты және барлық жерде түрлі кедергілерге тап болды.

Автодилерлер ресейліктермен жұмыс істегісі келмеді. Біреу құжаттарды ұзақ ресімдеу қажеттігін, біреу Қазақстан ЖСН-ынсыз тауарды сата алмайтынын айтты. Кейбіреулер орыстармен ешқандай түсіндірмесіз жұмыс істеуден бас тартады. Ал салондардың бірінде корреспонденттерге сатып алушы ретінде Қазақстан азаматтығы бар досын немесе туысын тарту ұсынылды.

Бұл жағдайға қатысты Ресей ұлттық автомобиль одағында пікір білдірді.

Дилерлерде автоөндірушілер сатушы тарап Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтуге көмектеседі деп шешіп, машиналар беруді тоқтатуы мүмкін деген қорқыныш бар. Сондай-ақ жергілікті нарықта машиналарға сұраныстың артуы дилерлерде автомобильдердің жетіспеушілігіне және нәтижесінде олардың бағасының өсуіне әкелуі мүмкін деген алаңдаушылық бар, - деп түсіндірді одақ өкілі Антон Шапарин.

Айта кету керек, Қазақстандағы автомобильдер нарығы қазір ресейліктер үшін өте тартымды. Мұнда көптеген көліктерді арзанырақ сатып алуға болады. Сонымен қатар, Ресейдегі кейбір модельдердің қорлары қазірдің өзінде аяқталып жатыр.