Ал, жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдо шебері Елдос Сметовті қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде аймақ басшысы спортшының жетістіктерін жоғары бағалап, ол тек Жамбыл облысының ғана емес, еліміздің намысын абыройлы қорғап, мерейін тасытып жүргенін айрықша атап өтті.
«Жамбыл жерінен шыққан спорт саңлақтары аз емес. Солардың бірі де бірегейі – Елдос Сметов деп білеміз. Сенің жетістігің, спорттағы табыстарың – бүгінгі жас буынға үлгі-өнеге. Сен өзіңнің мықты спортшы екенінді тағы да дәлелдей түстің. Барша жанкүйерлердің үмітін ақтадың»,- деді Бердібек Сапарбаев.
Сондай-ақ, облыс әкімі Елдос Сметовке жаңа автокөліктің кілтін табыстап, алдағы уақытта да ел спортың дамыту жолындағы елеулі еңбегіне сәттілік тіледі. Ал, жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.
Өз кезегінде дзюдошы да құрмет білдірген облыс басшылығына алғысын жеткізді.