Елімізде 181 мың пациент қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік бақылауда тұр

0
1 751

Министрдің айтуынша, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 181 000 пациент қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік бақылауда тұр.


Елімізде 181 мың пациент қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік бақылауда тұр

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мәжіліс үйінде осылай деді, деп жазады BAQ.KZ

«Халықаралық статистикаға сай, Қазақстан қатерлі ісіктен сырқаттанушылық пен өлім көрсеткіштері жоғары елдер қатарына жатады. Соңғы 20 жылдың ішінде елімізде қатерлі ісікпен сырқаттанушылықтың 8%-ға өсуі байқалады. Салыстыру үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде ұқсас кезеңде обырдан сырқаттанушылықтың өсуі 11,5%-ды құрайды. 1999 жылдан бастап Қазақстанда қатерлі ісіктен өлімнің жалпы 42%-ға төмендеуі байқалады. ЭЫДҰ елдерінде өлімнің төмендеу қарқыны -15,5%», - деді Біртанов Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 181 000 пациент қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік бақылауда тұр. 2018 жылы 35 753 адам алғаш рет есепке алынды, оның 44,3% ерлер және 55,7% әйелдер құрайды. Обырдан қайтыс болғандардың арасында ерлер 53,8%-ды құрап отыр. Алғаш ауырғандардың 60%-ға жуығы - 18 жастан 63 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті жастағы адамдар.

Сырқаттанушылық құрылымында сүт безінің обыры (12,6%), өкпе обыры (9,9%), асқазан обыры (9,9%) алдыңғы орындарда, сонымен қатар жатыр мойны обыры және жуан ішек (4,7%) обыры да көп. Өлімнің негізгі себептері - өкпе ісігі (16,5%), асқазан (11,5%) және сүт безінің ісігі (8,4%).