Қыркүйектің бірінші сенбісінен бастап 15 қарашаға дейін солтүстікте, ал желтоқсанның 15-не дейін оңтүстік өңірлерде суда жүзетін құстарды атуға рұқсат етілді.
ERNUR.KZ. Аңшылар 800-ден астам шаруашылықта аң-құс ата алады, деп жазады 24.kz.
Өзге жерде жануарға мылтық кезеніп, тұзақ құруға тыйым салынған.
Айта кетейік, аң аулау тәртібін 2015 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен. Аңшыда міндетті түрде тіркеу куәлігі болуы тиіс.
Қыркүйектің бірінші сенбісінен бастап 15 қарашаға дейін солтүстікте, ал желтоқсанның 15-не дейін оңтүстік өңірлерде суда жүзетін құстарды атуға рұқсат етілді. Жалпы, елімізде сүтқоректілердің 34, ал құстың 59 түрін аулауға болады.
"Көптеген үлкен шаруашылықты алып жатқан аңшылық шаруашылықтары бар. Дұрыс қызмет көрсетілмейді, аңшылық ұйымдастырылмайды. Осылардың бәрін қайта қарастырып, дұрыс жолға қою керек. Екінші үлкен мәселе – еліміздегі 150 мыңнан аса тіркелген аңшының сауатын арттыру. Аңшылықтың ережесі бар. Үшінші, елімізде табиғатты қорғайтын мемлекеттік инспекторлар, бұдан бөлек қорықшылар бар. Осы қорықшылардың санын көбейтіп, олардың кәсіби біліктілігін арттырса, елімізде браконьерлікпен күресу бойынша үлесін береді", - дейді эколог Сәкен Ділдахмет.