Елімізде аттракционның жұмыс істеуіне рұқсат етіледі

0
696

Әлеуметтік қашықтықты сақтау, келушілер ағынын реттеу және маска тағу міндетті.


Елімізде аттракционның жұмыс істеуіне рұқсат етіледі

ERNUR.KZ. 17 тамыздан бастап елімізде ашық аспан астындағы аттракциондардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Қазақстанда карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы онлайн брифингіде ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ашық аспан астындағы аттракциондарға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда әлеуметтік қашықтықты сақтау, келушілер ағынын реттеу және маска тағу міндетті», - дейді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, фитнес орталықтары да жұмысын бастайды.

«Бастапқы кезеңде фитнес орталықтарда бассейн жұмыс істемейді және әр адам үшін кем дегенде 5 шаршы метр жер қаралуы керек. Сондай-ақ, фитнес орталығының іші 50% ғана толуы керек», - дейді ол.