Елімізде автокөлікті газға ауыстыратындарға бақылау күшейеді

0
454

Автокөлік иелері машиналарды газға көбірек ауыстырып жатыр, салдарынан мұнай-химия зауыттары отын тапшылығына ұшырауы мүмкін.


Елімізде автокөлікті газға ауыстыратындарға бақылау күшейеді

ERNUR.KZ. Қазақстан энергетика министрлігі көгілдір отын тапшылығына байланысты жүргізушілерге көліктерін газға ауыстырмауды ұсынды, отынның бұл түріне баға біртіндеп көтерілетін болады, деп жазады sputnik.kz.

"Қазіргі уақытта біз автомобиль отыны ретінде сұйытылған мұнай газын тұтыну шамамен 25%-ке өскен жағдайға тап болдық. Өйткені қазақстандық көлік иелері қолдан автокөліктерді газға ауыстырып жатыр. Себебі отынның бұл түрі өзіндік құнынан төмен сатылады", - деп атап өтті мәжіліс кулуарларында Алмасадам Сәтқалиев.

Газ ірі мұнай - газ-химия кешендерінде құны жоғары өнімдерді өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылатын болады.

"Бұл газдың ресурсы шектеулі. Қазақстан осы өнім түрінің шамамен 1,5 млн тоннасын өндіреді. Тұтынудың өсуі біздің өндірістік мүмкіндіктерімізді қамти алмайды", - деп түсіндірді министр.
Энергетика министрлігі тапшылықпен күресу үшін бірқатар шараларды жоспарлаған. Бес жыл ішінде өндірушілердің рентабельділік деңгейіне жету үшін газ бағасы көтеріледі, деп толықтырды Сәтқалиев.
Сонымен қатар оның айтуынша, "автокөлікті қолдан жасалған тәсілмен газға ауыстыру нормаларын қатаңдату мәселесі қаралатын болады".
Газ бағасы "Қанды қаңтар" оқиғаларынан кейін күрт өсті. Алдымен Жаңаөзенде наразылықтар басталды, кейін тәртіпсіздіктер республиканың көптеген аумағында болды.