ДДҰ мәліметтері бойынша, әлемде 15-19 жас аралығындағы 16 миллионға жуық қыз босанған.
ERNUR.KZ. Ақпараттық базаның деректері бойынша 2022 жылы 15-17 жастағы жасөспірімдер арасындағы жүктілік тиісті халықтың 1000-ға шаққанда 6,0-дан келеді, бұл 2021 жылдан 13%-ға артық. Денсаулық сақтау министрлігі ерте жүктіліктің қауіптілігін айтты, деп жазады stan.kz.
ДДҰ мәліметтері бойынша, әлемде 15-19 жас аралығындағы 16 миллионға жуық қыз босанған, бұл әлемдегі барлық босанулардың 11%-на тең. Мұндай жағдайлардың 95%-ы халықтың табысы төмен және орташа мемлекеттерде анықталады. Статистикаға сәйкес, қыздардағы жүктіліктің 30%- ы жасанды түсіктен, 14%-ы түсіріп алғаннан тоқтайды, ал 56%-ы босанады. Кәмелетке толмаған қыздардың үштен екісі некесіз босанады. Олардың 72%-ы мектепте оқиды.
Айтуынша, ерте жүктілік 10-15 жылдағы демографиялық процестерге тікелей әсер етеді.
Ерте жүктілік жасөспірім үшін ғана емес, оның сәбиі үшін де қауіпті. 20 жасқа дейінгі жаста жүкті болғандардың баланы өлі туу қаупі басқаларға қарағанда 50%-ға жоғары.
“Контрацепция әдістерін қолдана отырып, қажетсіз жүктіліктің алдын алған жөн, бірақ жүктілікті тоқтату қажет болса, мұны тек медициналық мекемелерде дәрігердің бақылауымен заманауи қауіпсіз технологияларды қолдана отырып жасау керек. Өздігіңізбен дәрі-дәрмектерді ішіп, түсік жасауға болмайды. Бұл болашақта қабыну ауруларына, бедеулікке және кейде өлімге әкелуі мүмкін”, – деді дәрігерлер.