Тозған аяқ киім мен киімді ауыстыра алмайтын қазақстандықтардың үлесі 4,7%-дан 5%-ға өскен.
ERNUR.KZ. 100 қазақстандықтың 15-сі қысқы және күзгі етікті сатып ала алмайды. 2021 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша аяқ-киім бір жылда 6%, ал балалардың аяқ киім шамамен 9% қымбаттаған, деп жазады inbusiness.kz.
Биыл қаңтар–тамызда аяқ киім бағасы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,3% өскен. Алайда бағаның көтерілуі сәл баяулаған: 2020 жылы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%, 2019 жылы – 8,8%, ал 2018 жылы – 10,7% көтерілген. 2021 жылы ерлерге арналған аяқ-киім бағасы 6,5%, әйелдерге арналған аяқ-киім 5,2%, ал балалар аяқ-киімі 8,5% қымбаттаған.
Биыл наурызда өткізілген халықтың өмір сүру сапасын бағалау бойынша жүргізілген сауалнамаға сәйкес қысқы және жазғы аяқ-киімді сатып ала алмайтын қазақстандықтардың үлесі 15,3% болды. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан сәл төмен – 15,5%. Халықтың 77,8% (өткен жылғы көрсеткіш – 77,5%) қысқы және жазғы аяқ киімді сатып алуға мүмкіндігі бар, ал бұл мәселе өзекті емес дегендердің үлесі 7%-дан 6,9%-ға төмендеген.
Тозған аяқ киім мен киімді ауыстыра алмайтын қазақстандықтардың үлесі 4,7%-дан 5%-ға өскен. Сонымен қатар жаңа киімді сатып алуға мүмкіндігі бар қазақстандықтардың үлесі артқан (90,5%-дан 90,7%-ға дейін), ал бұл мәселе өзекті емес дейтіндер 4,8%-дан 4,3%-ға азайған. 39-дан 48 жасқа дейінгі тұрғындар (17,4%), зейнеткерлер (14,7% - дан), 18-ден 28 жасқа дейінгі қазақстандықтар (аз бөлігі) қысқы және жазғы аяқ-киімді сатып ала алмайтынын жиі айтқан.
39-дан 48 жасқа дейінгі (6,2%) респонденттердің көбісі тозған аяқ-киім мен киімді ауыстыруға мүмкіндігіміз жоқ деп жауап берген. Сонымен қатар биыл тамызда елдегі қалаларда ерлерге арналған аяқ-киімді жөндеудің орташа құны – 1 393 теңге, ал әйелдерге арналған аяқ-киімді жөндеудің орташа құны 1113 теңге болды.
Қызылордада (ерлерге – 1000 теңге, әйелдерге – 891 теңге), сондай-ақ Қарағандыда (ерлерге – 1049 тг, әйелдерге – 923 тг) аяқ киімді жөндеу арзан. Ерлерге арналған аяқ-киімді жөндеу Нұр-Сұлтан (1987 теңге) және Атырауда (1817 теңге), ал әйелдер аяқ киімін жөндеу Ақтау (1516 теңге) және Атырауда (1445 теңге) қымбат. Қазақстанда аяқ-киім өндірісі өткен жылмен салыстырғанда артқан.
Биыл қаңтар-тамызда былғарыдан жасалған 913,2 мың жұп (+19,7%) аяқ-киім, жүннен және киізден жасалған 34,3 мың жұп аяқ-киім өндірілген.