Елімізде қант тапшылығы қолдан жасалған – Үкімет басшысы

0
699

​Қант тапшылығы қолдан жасалды. Нарықтағы тәтті өнімнің 90%-ін ірі көтерме жеткізушлердің сатып алып отырғаны белгілі болды


Елімізде қант тапшылығы қолдан жасалған – Үкімет басшысы

ERNUR.KZ. Бұдан тауарды айналымнан алып қою белгілері байқалған, салдарынан қанттың бағасы 700-800 теңгеге дейін көтерілді, деп жазады «Хабар 24».

Бұл туралы Үкімет басшысының қатысумен өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды.

Сала мамандары елдегі компаниялардың бірінен кей өңірлердегі сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қант қорының болғанын анықтаған. Осыған байланысты құзырлы органдар тергеуді бастады.

Енді мұндай жауапсыз кәсіпкерлерге бақылау күшейеді. Сондай-ақ алдағы уақытта импорттаушылар биржа арқылы қант өткізуге міндеттеледі және өндіруші зауыттар үшін шикізат сатып алуға несие беріледі.