Елімізде қыс басталмай жатып, жол апаты көбейген

0
709

Әсіресе, солтүстік, орталық және батыс аймақта қар жауып, арты көктайғаққа айналып жатыр.


Елімізде қыс басталмай жатып, жол апаты көбейген

ERNUR.KZ. Қыс басталмай жатып жолдағы жағдай нашарлады. Қараша айының өзінде сан құбылған күн райына байланысты 7 рет қозғалысқа шектеу қойылды, деп жазады 24.kz.

Ал осы аралықта болған жол-көлік оқиғаларының саны 400-ден асады. Салдарынан 95 адам қаза тапты. 470-і жарақат алды. Осыған байланысты ішкі істер министрлігі аса сақ болу керектігін ескертеді.

Әсіресе, солтүстік, орталық және батыс аймақта қар жауып, арты көктайғаққа айналып жатыр. Желдің екіпіні де күшті. Сондықтан жүргізушілер көліктің қысқа дайындығы мен күн райына қатысты хабарламаларға бей-жай қарамау керек деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Айта кетейік, өткен жылы күн райының нашарлауына байланысты 985 мәрте жолдағы қозғалысқа шектеу қойылды.