Елімізде өмірін сақтандырғандар көбейген

0
2 527

Былтыр қазақстандықтар ерікті түрде өз өмірін сақтандыру үшін 100 млрд теңге жұмсаған.


Елімізде өмірін сақтандырғандар көбейген

ERNUR.KZ. Қазақстанда өмірін сақтандырғандар көбейген, деп жазады 24.kz.

Елімізге келетін шетелдік сақтандыру компанияларының нарықта 10 жылдық тәжірибесі болуы шарт. Кейін оларға Қаржылық реттеу және дамыту агенттігінен рұқсат пен лицензия беріледі. Мұндай ұйымдар жабылып қалса да төлемдер міндетті түрде жасалуы тиіс. Бұл үшін екінші деңгейлі банктерде 5 млрд доллар көлеміндегі есеп-шот ашылады. Әзірге елде жұмыс істейтін шетелдік сақтандыру ұйымы жайлы дерек жоқ. Өйткені қызығушылық таныта қоймаған.

Қор және сақтандыру нарығын дамыту орталығының директоры Ерлан Бурабаевтың айтуынша, бөлімшені күтудің қажеті шамалы. Оның орнына еншілес компаниялар келгені жақсы дейді. Себебі мұндай ұйымдар мемлекет заңына бағынады әрі технологияларын ала келетін олармен халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік мол болар еді.

Сарапшы қазақстандықтардың отандық компанияларды таңдай беретініне де сенім білдірді. Оған былтырғы көрсеткіш дәлел.

Сақтандыру нарығына сұраныс 10 процентке артқан. Өмірін сақтандырғандар көбейді. Былтыр қазақстандықтар ерікті түрде өз өмірін сақтандыру үшін 100 млрд теңге жұмсады. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 77 млрд теңгеден асқан.

81 млрд теңге көлігін сақтандырушылардан түсіпті. Бұл туралы қаржыгерлер қауымдастығының өкілі хабарлады. Жалпы былтыр сақтандыру көлемі 10 процентке өскен екен. Бұл 514 млрд теңге.