​Елімізде пойыздар кестесі өзгертілді

0
1 679


​Елімізде пойыздар кестесі өзгертілді

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаз маусымында саяхатшылардың көбеюіне байланысты пойыздардың кестесіне өзгертулер енгізіп, икемді кесте ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сонымен, Балқаш, Алакөл аумағында орналасқан курорттар мен демалыс орындарына Астана мен Орталық Қазақстаннан жолаушыларды тасымалдау үшін № 253/254 «Астана-Достык» бағытында қосымша пойыз шығарады. Ол пойыз Астанадан осы жылдың 17 маусымы мен 30 тамызы аралығында жексенбі және бейсенбі күндері, ал Достықтан 18 маусым мен 31 тамыз аралығында дүйсенбі және жұма күндері қатынайды.

Пойыз Астана-1, Карағанды-Сұрыптау, Карағанды, Акадыр, Мойынты, Балқаш, Саяқ, Актагай, Бескөл, Ақши, Көктұма, Жалаңашкөл, Достық бекеттерінде аялдайды.

Сондай-ақ, «Семей-Жалаңашкөл» және «Өскемен-Жалаңашкөл» бағыттары бойынша қала маңы тасымалы пойыздарын шығару жоспарда бар.