Тамыз айының қортындысы бойынша былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,7 пайызға көп
ERNUR.KZ. Тамыз айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар суық судың текше метріне 74,3 теңге төлеген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,7 пайызға көп, деп жазады Тengrinews.kz.
Сарапшылардың зерттеуіне қарағанда, суық судың ең жоғары бағасы Атырау (113,5 теңге) мен Қарағандыда (110,3 теңге) тіркелген. "Ыстық су бағасы да қымбаттады - бір жылда 6,1 пайызға қымбаттаған. Қазір ыстық судың текше метрі 235,2 теңгеге жетеді. Ең жоғары баға Алматы (текше метрі - 475,2 теңге) мен Қостанайда (текше метрі - 379,9 теңге) тіркелді", - делінген мамандардың зерттеуінде.
Сондай-ақ, қыркүйек айының соңында кәріз жүйесіне жұмсалған қаражаттың көбейгені айтылады. Бір жылда ол көрсеткіш 2,5 пайызға өсіп, қазір текше метріне 48 теңгеге жеткен. Кәріз жүйесіне көп ақша төлейтін қалалардың тізімінде Қарағанды (текше метріне - 96,4 теңге) мен Қостанай (текше метріне - 80,4 теңге) көш бастап тұр.
Осылайша, сарапшылардың зерттеуіне сүйенсек, бір жылда суық су 6,5 пайызға, ыстық су 7,4 пайызға, ал кәріз жүйесі қызметі 13,2 пайызға қымбаттаған.