Биыл Қазақстанның әр өңірінде 5 су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр.
ERNUR.KZ. Елімізде жаңа су қоймаларының құрылысы басталды. Биыл Қазақстанның әр өңірінде 5 су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр, деп жазады baq.kz.
СРИМ Су шаруашылығы комитетінің Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Сәкен Әтел «Күн тәртібі» бағдарламасында тасқын суын жинау және өткізу, сондай-ақ, су шаруашылығы саласын дамыту жұмысы туралы айтып берді.