Еліміздегі дәріханаларда енді жарамдылық мерзімінің бітуіне екі ай қалған өнімдерді сатуға болмайды

0
796

Жобаны талқылау 27 қыркүйекке дейін жалғасады.


Еліміздегі дәріханаларда енді жарамдылық мерзімінің бітуіне екі ай қалған өнімдерді сатуға болмайды

ERNUR.KZ. Қазақстанда дәріханаларға витринаға рецепт бойынша берілетін дәрілік заттарды қоюға тыйым салу жоспарлануда. Сонымен қатар дәрі-дәрмектерді көтерме және бөлшек саудада сақтаудың ең төменгі жарамдылық мерзімі белгіленеді, деп жазады stan.kz.

Өзгерістер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларына енгізіледі, қағидалар жобасы көпшілік талқылауға ұсынылды.

Дәрігердің рецептісіз сатылатын дәрілік заттар ғана витринаға қойылады деп көзделген.

Енді жарамдылық мерзімінің өтуіне көтерме саудада кемінде алты ай, бөлшек саудада кемінде екі ай қалған өнімдерді сатуға болмайды.

Жобаны талқылау 27 қыркүйекке дейін жалғасады.