2024 жылға есептеулер бойынша, сақтандыру сыйлықақысы 11 өңірде төмендеген.
ERNUR.KZ. 7 өңірде апаттылықтың жоғары мүмкіндігіне байланысты сақтандыру құны өссе, ал 2 өңірде өзгеріссіз қалды. Жаңа түзету коэффициенттері жыл сайын өзгеріп отырады, деп жазады inbusiness.kz.
"Көлік сақтандыру биылғы құнын есептеу үшін елдің әр өңірінде апаттар қосымша түзету коэффициенттері қолданылады. Аймақта апат неғұрлым аз болса, соғұрлым сақтанушы аз төлем төлейді, сәйкесінше тариф аз болады", - деді уәкілетті агенттік өкілі.
2024 жылға есептеулер бойынша, сақтандыру сыйлықақысы 11 өңірде (мысалы, Алматы қ. 18%-ға, Атырау облысында 29%-ға) төмендеді, 7 өңірде апаттылықтың жоғары мүмкіндігіне байланысты сақтандыру құны өсті (мысалы, Астана қ. 5%-ға, Шымкент қ. 9%-ға), 2 өңірде өзгеріссіз қалды.
Жаңа түзету коэффициенттері жыл сайын залал туралы мәліметтер негізінде сақтандыру туралы бірыңғай деректер базасында автоматтандарылған есептеу арқылы анықталады және агенттік бекітеді.
Сақтандыру ұйымдары түзету коэффициенттерін жылына бір рет +/-10%-ға арттыруға немесе азайтуға құқылы.