Еліміздің бас қаласындағы дәріханалар есірткі саудасын қыздырып жатыр

0
2 596

Препараттар тек рецепт бойынша сатылуы тиіс.


Еліміздің бас қаласындағы дәріханалар есірткі саудасын қыздырып жатыр

иллюстрациялық фото

Еліміздің бас қаласында заңды түрдегі есірткі саудасы қызып тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ел арасында "дәріханалық есірткі" аталып кеткен психотропты препараттардың еркін сатылаты бұған дейін де анықталған.

«Жас жігіттер есірткіге тәуелді болып жүр. Ешқандай бақылау жоқ. Кез-келген адам келіп, есірткіні сатып алып, кете береді. Бұл медициналық препарат болғанымен, кәдімгі есірткінің өзі. Заңсыз қызметтің жолын кесу керек", дейді қала тұрғыны.

«Қаламыздың әр ауданында құрамында есірткісі бар препараттарды сатып жүрген оншақты дәріхана бар. Бұрын олар тіпті аз еді. Ал қазір бәрі жеңіл ақшаның соңынан кетті ме, қаланың әр бұрышында жаңалары ашылып жатыр», дейді қала тұрғыны.

Сөз жүзінде психотропты препараттар тек рецепт бойынша сатылуы тиіс.
Қала тұрғындары айтқан дәріханалардың бәрінде есірткі саудасы еркін жүргізілуде. Бас қалада есірткіні сатып жүрген дәріхана қаланың әр бұрышында, көшенің әр ауласында бар екен.

Айласы әшкере болғанымен, дәріханадағы заңсыз қызметтің жолын кесу оңай емес. Әуелі полицияға шағым түсіресің, кейін жауапты комитетке жүгінесің, кейін министрліктің бұйрығын күтуге тура келеді екен.

«Министрліктен бізге бұйрық түсіп жатса, біз оны прокуратурада тіркейміз. Одан кейін ол баратын субъектіге извищение беріледі. Хабарландыру. Сізде осындай уақыттан осындай уақыт аралығында тексеріс жүргізіледі деп. Извещение беріліп, прокуратура бізге рұқсат бергеннен кейін біз бара аламыз" - дейді қалалық медицина және фармацевтикалы бақылау мониторингілеу бөлімінің басшысы, Әсия Молдиманова.
Сөйтіп, амал жоқ, бас-аяғы бір жарым ай уақыт жоғалтасың. Бұған дейін әлгі дәріханалар да сүттен ақ, судан таза болып шыға келеді. Былтыр тексерілген жүздеген орындардың екеуінде ғана заңбұзушылықтар анықталыпты.

Ресей, Белорусь, Украина елдерінде құрамында есірткісі бар бұл дәрілерді сатуға мүлдем тыйым салынған. Оған қылмыстық жауапкершілік көзделген.