Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

0
916

Синоптиктердің болжамынша, кей өңірлерде құбылмалы ауа райы сақталады.


Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

ERNUR.KZ. 17-19 маусым күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Екпінді жел соғады, деп жазады Azattyq Ruhy.

18 маусымда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте нөсер жаңбыр жауады. Ал оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Тек республиканың қиыр шығысында ауа райы жауын-шашынсыз.

Күндізгі ауа температуралары батыста +20+28 дейін, солтүстік-батыста +13+26 дейін, солтүстікте +17+27 градусқа дейін төмендейді.

Республиканың солтүстік-шығысында, шығысында және орталығында сынап бағанасы + 30 +37 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік аймақтарда ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Астанада ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +18+20 жылы болады. Көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, жел күшейеді.

Алматыда күн ыстық, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Екпінді жел соғады. Сынап бағанасы күндіз +33 +35 градус, түнде + 21 +23 градусты көрсетеді.