Еліміздің басым бөлігінде жастардың саны азайып, зейнеткерлер көбейген

0
659

Егде жастағы адамдардың ең жоғары үлесі Шығыс Қазақстан облысында – 20%-ға жуық.


Еліміздің басым бөлігінде жастардың саны азайып, зейнеткерлер көбейген

ERNUR.KZ. Қазақстанда Биллетер индексі екінші жыл қатарынан төмендеп келеді. Бұл – халықтың қартаю дәрежесін көрсететін маңызды демографиялық көрсеткіш. Еліміздің басым бөлігінде жастардың саны азайып, зейнеткерлер көбейген, деп жазады Inbusiness.kz.

Билеттер индексі – көптеген елдерде ұлттың қартаю процесін бағалау үшін қолданатын халықаралық статистикалық көрсеткіш. Қазақстанда халық салыстырмалы түрде жас саналады, бірақ жұмысшыларға демографиялық жүктеме жоғары. Балалар мен қарттардың жиынтық үлесі 2023 жылы 42,8%-ға жеткен. Сәйкесінше еңбекке қабілетті жастағы әрбір үш ересек қазақстандықтың асырауында екі адам бар.

Биллетер индексі 14 жасқа дейінгі балалар мен 50 жастан асқан адамдар санының репродуктивті жастағы (15 жастан 49 жасқа дейінгі) азаматтардың санына қатынасы ретінде есептеледі. Егер кәмелетке толмағандардың үлесі егде топтағы адамдардан көп болса, жағдай жақсы, ал егде жастағылар көп болса, жағдай нашар дегенді білдіреді.

Елімізде аталған индексті 2019 жылдан бастап ұлттық статистика бюросының мамандары есептеп келеді. Содан бері ол тек оң мәндерге ие болған. Алайда 2022 жылдан бастап индекс төмендей бастаған. 2021 жылы 14,3-тен 12,8-ге, ал 2022 жылы 11,6-ға дейін түсіп кеткен. 2023 жылдың соңында бұл көрсеткіш одан да нашар болып шықты.

20 әкімшілік аумақтық бірліктердің 8-де Биллетер көрсеткіші теріс. Оларға солтүстік, шығыс және кейбір орталық аймақтар жатады. Демографтар бұл аймақтарда халықтың қартаю процесі белсенді жүріп жатқанын айтты. Ең кәрі халық Солтүстік Қазақстан облысында (минус 32,9), одан кейін Шығыс Қазақстан облысында (минус 29,5) және Қостанай облысында (минус 24,8) тіркелді.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тек зейнет жасындағылар тобы ғана өсіп жатыр, ал балалар мен жұмысшылар азайып барады. Бұл еңбекке жарамды халықтың аз екенін көрсетеді.

Егде жастағы адамдардың ең жоғары үлесі Шығыс Қазақстан облысында – 20%-ға жуық. Солтүстік Қазақстанда зейнеткерлердің үлесі – 19,4%.

Соңғы бір жылда елдегі зейнеткерлердің үлесі 11,4%-дан 11,8%-ға дейін өскен. 2024 жылдың басында Қазақстада 2,4 миллион зейнеткер болды. Бұл ретте балалардың үлесі 31,2%-дан 31%-ға дейін төмендеді. Балалардың саны – 6,2 миллион.

Кейбір аймақтардағы жас санаттары бойынша демографиялық алшақтықтардың тағы бір себебі – халықтың көшіп кетуі. Солтүстік және шығыс аймақтарда көші-қон сальдосы теріс, яғни аймаққа көшіп келгендерге қарағанда кеткендер көп.