"Анаға тағзым" акциясы демеушілердің қолдауымен үшінші рет өткізіліп отыр.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "30 игі іс" ұранымен басталған "Игі істер марафоны" жобасы аясында "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының еріктілері елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге гүл шоқтарын сыйлайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық әйелдер күніне орай "Анаға тағзым" акциясын "Астана жастары" орталығы демеушілердің қолдауымен үшінші рет өткізіп отыр.
"SOS" балалар ауылының тәрбиеленушілері еріктілермен бірге 600 гүл сыйлайды.
Іс-шараның мақсаты - балаларды әлеуметтендіру, қарым-қатынас дағдыларын үйрету және эмоционалды зияткерлікті дамыту, балаларды бала күніне сыйлық беруге үйрету.