Соңғы бір айда дәл осындай алаяқтық фактілермен полицияға 15 арыз түскен.
ERNUR.KZ. Елордалық полиция қызметкерлері интернетте алаяқтық жасау күдігімен 23 жасар тұрғынды ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Интернеттегі алаяқтар көптеген хабарландыруларды оқиды. Өз құрбанын таңдап алып, онымен сатып алушы секілді сөйлеседі және тауарын алуға өтірік келіседі. Ақша аудару үшін алаяқтар сілтеме жіберіп, батырманы басуды сұрайды. Бір қарағанда сілтеме еш күдік тудырмайды, бірақ оны басқанда пайдаланушы фишингтік сайтқа өтеді. Бұл сайтта банк картасы, CVV-коды мен ЖСН көрсететін сауалнаманы толтыру мен ақша аударымын күту ұсынылады. Алайда, реквизиттер толтырылған соң, банк карталарынан рұқсатсыз ақша алынады. Аталған реквизиттер арқылы есепшоттағы барлық қаражатты иемденіп алады. Оның үстіне сайт бірнеше секундта бұғатталып, ізім-ғайым жоғалады», - деп хабарлады елордалық департамент.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Соңғы бір айда дәл осындай фактілермен полицияға 15 арыз түскен.
«Бұл алаяқтық схемасын жүргізді деген күдікпен 23 жастағы ер адам ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды және сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Нұр-сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды мұқият/ болуға және тексерілген интернет-ресурстарға ғана сенуге, ресми интернет-сайттардағы немесе колл-орталықтар арқылы жаңа қызметтердің дұрыстығын тексеруге шақырады. Сондай-ақ банк карталары деректерін және CVV-кодты бөгде адамдарға бермеу керек. Мұндай жағдайда дереу банкке хабарласып, банк операциялары мен карталарын бұғаттап, полицияға хабарлау керек», - дейді полицейлер.