Қоғамдық орында үлкен дәретке отырған елордалық видеоға түсіп қалған

0
349

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.


Қоғамдық орында үлкен дәретке отырған елордалық видеоға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орында бола тұра, үлкен дәретке отырып, айналадағыларға құрметсіздік таныту фактісі бойынша елордалық ер адамға қатысты істі қарады, деп жазады zakon.kz.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.

Орын алған құқық бұзушылық іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, іске қатысушылардың түсініктемелерімен, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталады.

"Сот қаулысымен азамат Б. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамаққа алынды", делінген 22 қыркүйектегі Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.