Елордада гүрілі қатты автокөліктерге айыппұл салынды

0
948

Полицейлердің айтуынша, негізінен 2000 жылға дейін шығарылған БМВ, Субару және ВАЗ маркалы автомашиналарының қозғалтқышының дыбысы қатты гүрілдеген.


Елордада гүрілі қатты автокөліктерге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. «Қауіпсіз жол» алдын алу шарасы аясында екі күннің ішінде елорда полицейлері жолдағы қозғалыс кезінде қатты гүрілдеген дабыс шығарып жүретін 50 көлікті, яғни қозғалтқыштарындағы дабыс бәсеңдеткіші жоқ автомобильді анықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «Қауіпсіз жол» барысында рейд жүргізіліп жатыр. Осы орайда жолда жүру ережесін бұзғандарды анықтау мен жолдағы тәртіпті сақтауға екпін қойылды. Сонымен қатар, техникалық реттеу саласында ескерілген регламенттер мен стандарттарға жауап бермейтін көлік құралдарын да анықтауға назар аударылды.

«Екі күннің ішінде Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ереже бұзған осындай 50 жүргізушіні анықтады. Бұл тұрғыда аталған көліктердің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Көліктердегі кемшіліктерді жойғанша дейін оларды пайдалануға тыйым салынды. Полицейлердің айтуынша, негізінен 2000 жылға дейін шығарылған БМВ, Субару және ВАЗ маркалы автомашиналарының қозғалтқышының дыбысы қатты гүрілдеген. Бұған қозғалтқыштан шығатын дыбысты бәсеңдеткіш жүйесінің талаптарға сай болмауы әсер етуде.

Атап айтқанда, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарғаны үшін 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.