Елордада қоғамдық орында түкіргендерге жаза қатаңдайды

0
571

Оларды камералар анықтайтын болады.


Елордада қоғамдық орында түкіргендерге жаза қатаңдайды

ERNUR.KZ. Елорданың мәслихат депутаттары жерге түкіргені үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды. Осы мақсатта бейнебақылау камераларын пайдалану арқылы жазалау жұмысын жандандыру ұсынылды, деп жазады inbusiness.kz.

Тәртіп бұзушылар көлік нөмірі бойынша анықталмақ.

"Көшеде, қоғамдық орындарда түкіруге және қоқыс тастауға тыйым салынады. Тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылады, яғни әкімшілік айыппұл салынады. Көшеде және қоғамдық орындарда түкіру ерсі көрініп қана қоймай, түрлі бактериялардың таралуына әкелуі мүмкін. Осындай жағдайға куә болған тұрғындар құқық қорғау органдарына жүгіне алады, сөзін растау үшін фото немесе видеоның қоса беру қажет",- деп жазылған хабарламада.