Елордалық өрт сөндірушілер еліктің лағын құтқарып қалды

0
430

Бұл көрініс желі қолданушыларын сүйсінтті.​


Елордалық өрт сөндірушілер еліктің лағын құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Талдыкөл маңындағы өртте 4-мамандандырылған өрт сөндіру бекетінің өрт сөндірушілері еліктің лағын аман алып қалды. Видео pojarnyie парақшасында жарияланды, деп жазады Zakon.kz.

Видеодан өрт сөндірушілер жануардың көзін жуып, сүт беріп, орман шаруашылығы инспекторына тапсырғанын көруге болады.

Бұл көрініс желі қолданушыларын сүйсінтті.

Астана іргесіндегі Талдыкөл маңындағы Нұра өзені аймағында қамыс пен қураған шөп өртенген еді. Өртенгенжердің жалпы аумағы 80 га болды. 19 маусымда сағат 21:09-да өрт оқшауланды.