Энергетикалық сусындарды жастарға сатуға тыйым салынуы мүмкін

0
503

Мемлекет басшысы елімізде алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға тыйым салынғанын, бсірақ, бұл талап іс жүзінде орындала бермейтінін айтты.


Энергетикалық сусындарды жастарға сатуға тыйым салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысы жұртшылығымен кездесуде ұрпақ тәрбиесі мәселесіне ерекше назар аударды, деп жазады ulysmedia.kz.

«Біз бүкіл қоғам болып есірткіге қарсы табанды түрде күресуге тиіспіз. Бұл ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін өте маңызды. Жастардың жат қылыққа бой алдыруына жол бермеуіміз керек. Қазір ересектердің ермегіне айналған электронды темекіге оқушылар да әуестеніп барады. Мұндай темекіні балалар дүкеннен еш кедергісіз сатып алады. Бұл – қауіпті жағдай», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы елімізде алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға тыйым салынғанын, бсірақ, бұл талап іс жүзінде орындала бермейтінін айтты.

«Құзырлы органдар бақылауды күшейтуі керек. Қоғамда энергетикалық сусындарды жастарға сатуға тыйым салу қажеттігі жиі айтылады. Үкімет бұл мәселені мұқият зерделеп, нақты шешім қабылдауы керек. Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзі бар. Біз ұрпақтың денсаулығын және тәрбиесін бүгін ойламасақ, ертең кеш болуы мүмкін», – деді Мемлекет басшысы.