Энтеровирус инфекциясының таралуы 1,5 есе өсті

0
457

Жыл сайын аурудың таралуы қыркүйек айына дейін тіркеледі.


Энтеровирус инфекциясының таралуы 1,5 есе өсті

ERNUR.KZ. Энтеровирус инфекциясын көбіне 14 жасқа дейінгі балалар жұқтырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Серозды менингит – энтеровирустардан, сондай-ақ вирустың кейбір басқа түрлерінен болады. Вирус су, көкөністер, жемістер, тамақ өнімдерінен және қолды жумау салдарынан таралады. Инфекция көбінесе су айдындары мен бассейндерде шомылу кезінде пайда болады. Биыл энтеровирус инфекциясының 1 220 жағдайы тіркелді, былтырдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттану 1,5 есе өсті. Ауырғандардың 80 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Аурудың көп тіркелуі мамыр-маусым айларында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Абай және Қарағанды облыстарда тіркелді. Қазіргі уақытта ауру жұқтыру деректерінің төмендеуі байқалып отыр», - деді деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынща, жыл сайын аурудың таралуы қыркүйек айына дейін тіркеледі.

Сондықтан тиісті талаптарды сақтау қажет: тек ресми рұқсат етілген жерлерде шомылып, суды жұтып қоймауға тырысу керек. Сонымен қатар, тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану маңызды. Жемістер мен көкөністерді жақсылап жуып отыру қажет», - деді вице-министр.