Еуропа – жасанды интеллектті қолданудың нақты ережелерін бекіткен алғашқы құрлық.
ERNUR.KZ. Еуропалық Одақ елдері мен Еуропарламент жасанды интеллектті (AI) қолдануды реттейтін заң бойынша келісімге келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл бастама "ЕО-да сатылатын және пайдаланылатын AI жүйелерін қауіпсіз етуге, қоғамның негізгі құқықтары мен құндылықтарын құрметтеуге" бағытталған.
Ішкі нарық мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссар Тьерри Бретонның айтуынша, Еуропа – жасанды интеллектті қолданудың нақты ережелерін бекіткен алғашқы құрлық.