Ер адам әкесін өлтіріп, денесін мүшелеп тастаған

0
563

Марқұмның бөлшектелген денесі су жағасындағы сөмкеден табылды.


Ер адам әкесін өлтіріп, денесін мүшелеп тастаған

ERNUR.KZ. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ер адам әкесін өлтіріп, денесін мүшелеп тастаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Марқұмның бөлшектелген денесі су жағасындағы сөмкеден табылды. Ал қылмыстық іске күдікті ретінде оның ұлы ұсталды.

«Марқұм 66 жаста болатын. Ол Василеостровский ауданының тұрғыны. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталды, ол қайтыс болған азаматтың ұлы болып шықты», - делінген полиция хабарламасында.

Василеостровский ауданында Смоленки өзенінің жағалауынан ер адамның денесінің бөліктері салынған сөмкесі бар арба табылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, марқұмның ұлы жанжал кезінде әкесін аңшылық мылтықпен атып өлтірген, содан кейін денесін бөлшектеп, өзенге лақтырған.

Қылмыстық іс «кісі өлтіру» бабы бойынша қозғалды.