Ер адам шашын сірке суымен жуып, улы заттың қалдығын кетіре алмаған.
ERNUR.KZ. Шашын жуып жатқан ер адам сусабынның жанында бөтелкеге құйылған улы затты сусабын деп ойлап қалған, деп жазады Stan.kz.
Ол шашын жуып жатып жағымсыз иісті сезгенде ғана шашын өзге затпен жуып жатқанын байқайды. Оның дихлофос екенін білген соң басы қышып, терлей бастайды.
Ер адам шашын сірке суымен жуып, улы заттың қалдығын кетіре алмайды. Ақырында дәрігерге қаралады. Дәрігер шашта сақталған дихлофос қалдықтарын алып тастау үшін шашын қырып тастайды. Бірнеше күннен кейін науқас үйіне шығарылды.
Қаңтар айында британдық тележүргізуші Беверли Тернер шашты жууға болатын күтпеген құралдар туралы әңгімелеген еді. New Lives In The Wild шоуы кейіпкері шашын жууы үшін сусабын орнына өзінің зәрін қолданатынын айтқан.