Ереже бұзған 400-дей түлектің ҰБТ нәтижеcі жойылды

0
425

Түлектердің орташа балы – 68.


Ереже бұзған 400-дей түлектің ҰБТ нәтижеcі жойылды

ERNUR.KZ. Ұлттық тестілеу орталығы 396 түлектің тест нәтижесі жойылғанын мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ҰБТ басталғалы бері 211 мың рет тест тапсырылған. Оның ішінде талапкерлердің 76 пайызы шекті балл жинап отыр.

Түлектердің орташа балы – 68, ал әзірге республика бойынша ең жоғары балл – 138. Сондай-ақ ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 577 талапкер қатысты.

Атап айтқанда:

  • смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 267 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 120 адам шығарылды;
  • бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 9 адамның нәтижесі жойылды;
  • бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Тестке қатысушылардың басым бөлігі, яғни 18 пайызы «Математика-Физика», 16 пайызы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. Түлектердің 15 пайызы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.